Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Ұстаз – саған мың алғыс!

Автор: admin от 29-11-2018, 00:03, посмотрело: 20

0 Ұстаз – саған мың алғыс!

Құрметті ұстаз қауымы! Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»…
Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз!
“Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз.
Білімнің кәусәр бұлағын,
Жүресің құйып санама,
Біз үшін сенсің-мұғалім,
Ұстаз да,ғылым дана да.
Қыр сырын зерттеп заманның,
Ұлылығын айтып бабамның
Өнерге өріс беретін,
Барометрі сенсің адамның.
Ұстаз – саған мың алғыс!
Ұстаз – саған мың алғыс!
Ұстаз – саған мың алғыс!
Ұстаз – саған мың алғыс!
Ұстаз – саған мың алғыс!

Категория: День учителя