Қызылшаның алдын алу / Профилактика кори
Қызылша - өте жұқпалы вирустық ауыр ауру, бұл аурумен адамның орталық жүйке жүйесі зардап шегеді. Қызылша бүкіл әлем бойынша жас балалар арасындағы өлімнің негізгі себептерінің бірі болып қала береді. Қызылша белгілері Қызылша қызба , бас ауруы, жөтел,мұрыннан су ағудан басталады. Көздің зақымдануы өте тән – лакримация, конъюнктивит (қабақтың шырышты қабығының қабынуы). ЖРВИ-ге өте ұқсас сипатталған белгілер 2-3 күнге созылады (кейде 5-6 күн) , содан кейін бөртпе пайда болады – қызғылт дақтар.