«Тілге құрмет-елге құрмет»

Автор: admin от 28-11-2018, 05:05, посмотрело: 25

0 Тілге құрмет-елге құрмет
№ 64 ЖББ мектебінде 17-24 қыркүйек аралығында өткізілген
«Тілге құрмет-елге құрмет» онкүндігінің есебі

Сынып жетекшілері, музыка, қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі мұғалімдері «Тілге құрмет-елге құрмет» атты онкүндік өткізіп, ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыс түрлерін көрсете білді.
Мақсаты: Жас ұрпаққа жан-жақты білім берумен тәрбиені ұштастыра отырып, қазақ тілінің мәртебесін көтеру; ана тілімізге деген сүйіспеншілікті және оқушылардың сөз байлығын арттыру; тілді құрметтеуге, қастерлеуге, елжандылыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Онкүндік барысында қабырға газеті шығарылды. «Тіл тірегі соғып тұрған жүрегің» тақырыбында шығармалар жазылды . «Туған тілде сыры терең жаным бар» тақырыбында мәнерлеп оқудан жарыс болды . «Мақал –сөздің мәйегі ,Мәтел-оның тірегі » тақырыбында жарыс өткізілді .Мақал- мәтел жарысына 5,6 орыс сыныбының оқушыларыда қатысты .«Тілге құрмет-елге  құрмет»
«Тілге құрмет-елге  құрмет»
«Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» деп аталатын өлең жазып жүрген оқушылардың дөңгелек үстелі өтті.Кеш соңында Нұрсұлтан Бауыржан өз жанына шығарған өлеңдерін оқып, ақын ризашылығына бөленді.
Өткізілген сабақтар барысында мұғалімдер жұмыстың көптеген түрлерін қолданды. Оқушылар пәндер бойынша білімін, ауызекі тілдерінің жақсы деңгейін көрсетті. Сынып сағаттары «Тілге құрмет –елге құрмет » тақырыбында өткізілді .
Бақытова Ж.Ж, Абдазимива Г.А.«Тілге құрмет-елге құрмет» кеш өткізді . Тәрбие сағатында сынып оқушылары тіл туралы ақын -жазушылардың өлеңдерін жатқа оқып, ән-билер орын далды. Кешті қазақ тілі пән мұғалімі Бақытова Ж.Ж. жүргізді.
Кешке суырып салма ақын Аманғазы Кәріпжанов ,
«Адырна» қоғамдық бірлестік мүшесі Нәбілов Бақытжан қонаққа шақырылып, кеш соңында ақын өлеңдері жатқа оқылды.
«Тілге құрмет-елге  құрмет»
«Тілге құрмет-елге  құрмет»
«Тілге құрмет-елге  құрмет»
«Тілге құрмет-елге  құрмет»
7-8 сыныптар аралығында оқушылардан «Тілім менің- тірлігім» жазба жұмысы бойынша шығарма алынды. Мұнда жазу көркемдігі мен сауаттылығына қарай бағаланды. Сайысқа әр сыныптан бес оқушыдан қатысты. Сайыс қорытындысын шығару Бақытова Ж.Ж. мен Тайбосынова Г.Н. апайларға тапсырылды.Сайыс қорытындысы бойынша І орын 8 «А» сынып оқушысы Бабаханова Фатима , ІІ орын 8 «А» сынып оқушысы Демеу Мадина , ІІІ орын 8 «А» сынып оқушысы Хайрулина Аяулым мақтау қағаздарымен марапатталды.
Кездесуді ұйымдастырған Бақытова Жанар Жолдығалиқызы ақын өміріне байланысты деректерден, кітаптары мен баспасөз материалдарынан көрме,слайд жасау арқылы Әлімғазы Кәріпжанұлының шығармашылығы туралы мағлұматтарды оқушылар назарына жеткізуге тырысты.Ақын 6
5,6,7,8- сынып оқушылары Сағидуллаев Сағындық , Сағидуллаева Гүлсая ,Әбен Айгерім , Шкляева Валерия , Омарова Дариға , Иманбекова Айнур , Нұрғазы Таңшолпан ,Бабаханова Аружан сияқты оқушылар ақын өлеңдерін нақышына келтіріп оқыды.
«Тілге құрмет-елге  құрмет»
Кездесу ата –аналар ,оқушылар тарапынан үлкен ілтипатқа ие болды, өйткені жыл сайын «Тілге құрмет –елге құрмет» апталығында қазақ тілі пән мұғалімдері апталықта ақын жазушылармен кездесу өткізіп тұрады . Кеште орыс сыныбының оқушысы Иванова Анна «Қазақ елі осында » қазақша ән орындады .
Кешке барлық қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері ат салысты.шаблоны для dle

Категория: Информация

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.