Дене тәрбиесі және спорт бойынша оқушылардың зерттеу жұмыстарының қалалық конкурсы » КГУ «Общеобразовательная школа №64 имени 73 Гвардейской Краснознамённой Сталинградско- Дунайской стрелковой дивизии» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
білім басқармасының
№64 жалпы білім беретін мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 2-46-18-28
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-45-64-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
декабрь
2018

Дене тәрбиесі және спорт бойынша оқушылардың зерттеу жұмыстарының қалалық конкурсы


Алматы қаласы Білім басқармасы "Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығы" ұйымдастыруымен 2018 жылғы 14 желтоқсан күні "Дене тәрбиесі және спорт бойынша оқушылардың зерттеу жұмыстарының қалалық конкурсы" өтті.
Мектебіміздің 8 "А" сынып оқушысы Ерғали Е.Е. " Әртүрлі ұлттардың ұлттық ойындарын мектеп оқушылары арасында насихаттау және дамыту" тақырыбында жоба қорғап I орынға ие болды.
Жетекшісі: мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Абдібеков Нұргелді Ерболатұлы " Білім беру саласына қосқан еңбегі мен жастар мен жасөспірімдер арасында дене шынықтыру тәрбиесі мен салауатты өмір салтын қалыптастырып, мемлекет алдындағы бұқаралық спортты кеңінен насихаттау және дамыту ісінде 7-9 сынып арасындағы оқушылардың зерттеу жұмыстарының қалалық конкурсына шәкірт дайындап, білімін дамытуына үлес қосқаны үшін" Алғыс хатпен марапатталып, төсбелгі иеленді.