«Қамқорлық» акциясының қорытынды есебі » КГУ «Общеобразовательная школа №64 имени 73 Гвардейской Краснознамённой Сталинградско- Дунайской стрелковой дивизии» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
білім басқармасының
№64 жалпы білім беретін мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 2-46-18-28
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-45-64-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
февраль
2019

«Қамқорлық» акциясының қорытынды есебі

№64 Жалпы білім беретін мектепте 2019 жылы 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өткізілген «Қамқорлық» акциясының қорытынды есебі

Жүрегіңде нұрдан болса бір тамшы,
Сүйсінерлік бір игі іс қылсаңшы.
Қу тірлікпен арпалысқан заманда,
Сәл ойланып ақ ниетпен,
Бір-біріңе шын қамқоршы болсаңшы!-
дегендей мынау сананы тұрмыс билеген қым-қуыт заманда адами құндылықтарымызды алдыңғы орынға қойсақ, қандай жақсы болар еді... Қазіргі таңда мейірімге мұқтаж жандар өте көп.
10-шы қаңтар – 10-шы ақпан аралығында №64 жалпы білім беретін мектепте қайырымдылық істері назардан қалмай, «Қамқорлық» атты қайырымдылық акциясы жүргізілді.
«Қамқорлық» республикалық акциясы мектеп жасындағы балаларды оқытумен толық қамтуды қамтамасыз етуге және әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылық және материалдық көмек көрсетуге бағытталған.

«Қамқорлық» республикалық акциясының мақсаты мен міндеттері:
Мақсаты: Күнкөрісі төмен, көпбалалы және тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан балаларға, жетім-балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған балалардың өзге де санаттарына әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету. Әлеуметтік себептер бойынша (киімінің, аяқ киімінің, мектептік керек-жарақтарының болмауының себептерінен) сабақтарға балалардың келмей қалуын алдын алу.
Міндеті:
-міндетті жалпы орта білім алу үшін мектеп жасындағы балаларға жағдай жасау;
-оқумен қамтылмаған немесе дәлелсіз себептермен сабақтарға ұзақ уақыт бойы қатыспаған мектеп жасындағы балаларды анықтау және есепке алу;
-мектеп жасындағы балалардың сабағын немесе олардың сабақтарға ұзақ уақыт бойы қатыспауына ықпал ететін себептерді анықтау;
-жалпыға міндетті білім берумен (жалпы оқыту) қамтамасыз ету саласындағы білім беру органдары мен ұйымдарының қызметімен халықты таныстыру және жалпы оқыту проблемаларына қоғамның назарын аудару мақсатында ақпараттық кеңістікті құру;
- жетім-балалардың, мүгедек балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, материалдық жағдайы төмен отбасыларында тұратын балалардың өмір сапасын жақсартуға ықпал ететін шараларды қолдану;
-күнкөрісі төмен және тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан балаларды мектепке дайындауға материалдық көмек көрсетуге бағытталған қайырымдылық қызметін жүзеге асыруға жұртшылықты тарту;
Алматы қаласы Білім Басқармасының от 10.01.2019 жылғы №03-3-4/40 хатына сәйкес мектеп бойынша «Қамқорлық» акциясының өткізілуі туралы жоспар жасалынды.
Жалпыға бірдей міндетті оқу айлығы мен «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы туралы ақпараттық стенд көрнекі үгіт- насихаттармен, акция логотипімен рәсімделді.



Жалпы мектептің ата-аналар жиналысында «Қамқорлық» қайырымдылық акциясының басталуы туралы хабардар етілді.
Мектепте «Қамқорлық бұрышы» ұйымдастырылды.Әлеуметтік жағдайы жақсы ата-аналар өз қалауларымен азық -түлік себетін әкелді. Әлеуметтік көмекке мұқтаж балалар үшін киім, оқу құралдары, тамақ өнімдерін қабылдау жұмыстары ұйымдастырылды.


Камшат Қосылжанқызы
№64жалпы білім беретін мектептің
әлеуметтік педагогы.