Семей ядролық полигоны » КГУ «Общеобразовательная школа №64 имени 73 Гвардейской Краснознамённой Сталинградско- Дунайской стрелковой дивизии» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
білім басқармасының
№64 жалпы білім беретін мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 2-46-18-28
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-45-64-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
апрель
2021

Семей ядролық полигоны

Осыдан тура 30 жыл бұрын, 29 тамызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ядролық қару-жарақтан бас тарту туралы теңдессіз тарихи шешім қабылдап, антиядролық қозғалыстың көшбасшыларының бірі болды. Біріккен Ұлттар Ұйымының қаулысымен 29 тамыз Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жарияланды.

Осылайша, 450-ден астам жарылыс жасалған әлемдегі ең ірі ядролық сынақ алаңының бірі – Семей полигоны, бұрынғы Кеңес Одағы басшылығының қарсылығына қарамастан, біржола жабылды. Бұл өскелең ұрпақтың жарқын келешегі мен мемлекетіміздің баянды болашағы жолында жасалған шешуші қадам болды. Сонымен қатар әлемнің әр түкпіріндегі сынақ алаңдарының жабылуына жол ашқан батыл бастамаға айналды.

Тәуелсіздікті ядролық қарусыздану және жойқын қаруды таратпау жөніндегі бейбіт ұстаныммен қарсы алуымыз Елбасының саяси ерік-жігері мен салиқалы саясатының арқасында жүзеге асқаны анық.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тарихта тұңғыш рет ядролық полигонды өз еркімен жабу жөнінде парасатты шешім қабылдауы арқылы әлемдегі қауіпсіздікті және бейбітшілікті қамтамасыз етуге зор үлес қосты.
9 "А" сынып оқушылары.
Тарих пән мұғалімі: Лесова Г.К.