Ас – адамның арқауы » КГУ «Общеобразовательная школа №64 имени 73 Гвардейской Краснознамённой Сталинградско- Дунайской стрелковой дивизии» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
білім басқармасының
№64 жалпы білім беретін мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 2-46-18-28
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-45-64-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
октябрь
2021

Ас – адамның арқауы

   Мектептің тәрбие жоспарына сәйкес 2021 жылдың  19 қазан күні 5 «А» сыныбында  «Ас – адамның арқауы» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.Сынып жетекшісі адамның денсаулығы неге байланысты?

- Біз неге дұрыс тамақтануымыз керек?

- Күніне неше рет тамақтануымыз керек?

-Тамақ ішер алдында қандай гигиенаны сақтауымыз керек? –деген, сұрақтарды қою арқылы балаларға салауатты өмір салтын сақтауда, пайдалы әрі дұрыс тамақтанудың маңызы туралы түсіндірді.Осыдан кейін оқушылар жағдаяттарды шешу арқылы,  деніміздің сау болуы үшін ең алдымен тиімді тамақтану қажет деген ой түйді. Балалар дұрыс тамақтану ережесімен танысып, дастарқан басында сақталатын ырым- тыйымдар туралы білді.Тақырып бойынша мақал – мәтелдер, ырымдар мен тыйым сөздерді талдап, «Бұл не?» ойыны ойыны арқылы тәрбие сағатын қорытындылады. Тәрбие сағатының мазмұны қойылған тәрбиелік міндеттерге және оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес өтілді.