Алматы қаласы
білім басқармасының
№64 жалпы білім беретін мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 2-46-18-28
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-45-64-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
декабрь
2024

"Ерлігі-елге өнеге,ұрпаққа үлгі" атты әдеби-сазды кеші

20 желтоқсан күні N131 мектеп-лицейінде     XX ғасырдың ең жарқын тұлғасы,белгілі  жазушы ,Ұлы Отан соғысының даңқты жауынгері,халық қаhарманы,қазақтың батыр ұлы Бауыржан Момышұлының туғанына 114 жыл толуына орай "Ерлігі-елге өнеге,ұрпаққа үлгі атты әдеби-сазды кеш өтті.Кеш қонақтары- белгілі жазушы,қоғам қайраткері және қазақтың ұлттық дәстүрін насихаттаушы,Бауыржан Момышұлының келіні   Зейнеп Ахметова, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Орталық мемлекеттік архив"РММ директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Шілдебай Сәбит Қамытбекұлы .Зейнеп Ахметова  Бауыржан атамыздың бастан кешкендері жайлы қысқаша айтып өтсе,  Сәбит Қамытбекұлы РФ мен Қазақстан архивтеріндегі Бауыржан Момышұлына қатысты құжаттарды ғылыми айналымға енгізу мәселелері жөнінде айтып өтті.Сонымен қатар,мектеп оқушыларының өнері тамашаланды.N131 мектеп-лицейдің директоры Достанова Роза Зияханқызы  "Алаштың айбыны-Бауыржан Момышұлы"атты аудандық байқаудың  жеңімпаздарын марапаттады.Мектебіміздің 9 А сынып оқушысы Агитаев Қыдырхан "Болмасаң да, ұқсап бақ" бағыты бойынша жүлделі 2-орынды иеленсе,жетекшісі-Джаманкулова Арайлым Дүйсеханқызы,ал Құрбанбаева Дария"Ешкім де ештеңе де ұмытылмайды"бағыты бойынша жүлделі 3-орынды иеленді.Жетекшісі-Бақытова Жанар Жолдығалиқызы.Кеш соңы естелікке суретке түсті.