Стамбул қаласында педагогтеріміздің тағылымдамасы / Стажировка наших педагогов в Стамбуле
Халықаралық кәсіби даму бағдарламасы аясында біздің педагогтарымыз: Бавдинова Г.Ш., Хамраева Г., Мейрамова Г.Т. 2025 жылдың 26–30 қазаны аралығында Түркияның Стамбул қаласында тағылымдамадан өтті.
Бағдарлама барысында қатысушылар бірнеше күн бойы түрік мектептері мен университеттерінде, білім беру орталықтарында болып, оқытудың инновациялық тәсілдерімен, оқушылардың шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған цифрлық құралдар мен әдістемелермен танысты.
Қатысушылар Түркияда білім беру үдерісінің қалай ұйымдастырылғанын көрді — мектепке дейінгі кезеңнен бастап жоғары оқу орындарына дейін. Ерекше әсер қалдырған жайт — мұғалімдер мен оқушылар арасындағы ынтымақтастық атмосферасы, әр баланың тұлғалық өсуі мен эмоционалдық әл-ауқатына деген қамқорлық болды.
Білім беру бағдарламасынан бөлек, тағылымдама қатысушыларына Түркия мәдениетіне бойлау мүмкіндігі туды — тарихи Стамбұл көшелерін аралап, Босфордың әсем көрінісіне тамсанды, дәстүрлі түрік тағамдарынан дәм татып, жергілікті халықтың қонақжайлылығын сезінді. Бұл сәттер ел рухын тереңірек сезінуге және сабақтар мен мектеп жобаларына жаңа идеялар алуға шабыт берді.
Ұйымдастырушыларға жылы қабылдауы мен тәжірибе алмасу мүмкіндігі үшін алғыс білдіреміз!
На протяжении нескольких дней участники программы посещали турецкие школы, университеты и образовательные центры, знакомились с инновационными подходами к обучению, цифровыми инструментами и методиками, направленными на развитие креативности и критического мышления у учеников.
Участники увидели, как в Турции строится образовательный процесс: от раннего детства до высшей школы. Особенно впечатлила атмосфера сотрудничества между учителями и учениками, внимание к личностному росту и эмоциональному благополучию каждого ребёнка.
Помимо образовательной программы, стажировка подарила участникам возможность окунуться в культуру Турции — прогуляться по улицам старого Стамбула, насладиться видом Босфора, попробовать традиционные блюда и ощутить гостеприимство местных жителей. Эти моменты помогли по-настоящему почувствовать дух страны и вдохновили на новые идеи для уроков и школьных проектов.
Благодарим организаторов за тёплый приём и возможность обмена опытом!




