Алматы қаласы
білім басқармасының
№64 жалпы білім беретін мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 2-46-18-28
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-45-64-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 'Қазақстан Республикасының Конституциясы-ел тірегі' тақырыбында дөңгелек үстелі / Круглый стол на тему «Конституция Республики Казахстан — опора страны».
29
апрель
2026

'Қазақстан Республикасының Конституциясы-ел тірегі' тақырыбында дөңгелек үстелі / Круглый стол на тему «Конституция Республики Казахстан — опора страны».

2026 жылдың 29 сәуірі күні Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің Әуезов атындағы кітапханасында «Қазақстан Республикасының Конституциясы — ел тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараны Әуезов атындағы кітапхананың меңгерушісі Балнұр Асқарқызы ұйымдастырды.
Кеш қонақтары ретінде Құрымбаев Б., Ғабиден Ж., Ағыбаев Б., Есмұхамбетқызы және № 128 жалпы білім беретін мектептің оқушылары қатысты.
Дөңгелек үстел барысында құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын дамыту және заң үстемдігін нығайту мәселелері кеңінен талқыланып, қатысушылар өз пікірлерімен бөлісті.
Мәдени шара аясында № 64 жалпы білім беретін мектептің 7 «А» сынып оқушысы Мұхатай Бауыржан, 8 «А» сынып оқушылары Айдарұлы Ақжан мен Болат Дамир, сондай-ақ 9 «А» сынып оқушысы Мәлікұлы Рауан домбырадан күмбірлете күй шертіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.


***


29 апреля 2026 года в библиотеке имени Мухтара Ауэзова, входящей в Централизованную библиотечную систему города Алматы, состоялся круглый стол на тему «Конституция Республики Казахстан — опора страны».

Организатором мероприятия выступила заведующая библиотекой имени М. Ауэзова — Балнур Аскаровна.

Гостями мероприятия стали Б. Курумбаев, Ж. Габиден, Б. Агыбаев, Есмухамбеткызы, а также учащиеся средней общеобразовательной школы № 128.

В ходе круглого стола были высказаны мнения по вопросам повышения правовой культуры и укрепления верховенства закона.

На мероприятии учащиеся средней общеобразовательной школы № 64: ученик 7 «А» класса Мухатай Бауыржан, ученики 8 «А» класса Айдарулы Акжан и Болат Дамир, а также ученик 9 «А» класса Маликулы Рауан исполнили кюи на домбре, продемонстрировав свое мастерство.

Мероприятие прошло на высоком организационном и содержательном уровне.