Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттері » КГУ «Общеобразовательная школа №64 имени 73 Гвардейской Краснознамённой Сталинградско- Дунайской стрелковой дивизии» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
білім басқармасының
№64 жалпы білім беретін мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 2-46-18-28
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-45-64-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
сентябрь
2018

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттері

Алматы қаласы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 3/542 қаулысымен бекiтiлдi
«Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын
беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер
1. Осы «Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi (бұдан әрi – Регламент) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2015 жылғы 8 сәуiрдегi № 179 бұйрығымен бекiтiлген «Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (бұдан әрi – Стандарт) негiзiнде әзiрлендi.
«Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметiн (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) Алматы қаласының негiзгi орта және жалпы орта бiлiм беру ұйымдары көрсетедi (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi).
Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн беру:
1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;
2) «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Мемлекеттiк корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: қағаз түрiнде.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi негiзгi орта бiлiм туралы куәлiктiң телнұсқасын, жалпы орта бiлiм туралы аттестаттың телнұсқасын беру болып табылады.
Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрiнде.
4. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға тегiн көрсетiледi (бұдан әрi - көрсетiлетiн қызметтi алушы).
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісінде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң
құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiнің сипаттамасы
5. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнің көрсетiлетiн қызметтi алушыдан мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн Стандарттың 9 тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттарды алуы мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмдi (iс-қимылды) бастауға негiз болып табылады.
6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiнiң құрамына кiретiн рәсiмдер (iс-қимылдар):
1) мемлекеттiк қызметтi көрсету үшін құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасымен өтiнiштi тiркеу және құжаттарды қабылдау, рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут;
2) көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының өтiнiштi қарауы және ұсынылған құжаттарды тексеруi, рәсiмнiң ұзақтығы – 15 минут;
3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасымен мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн ресiмдеуi, рәсiмнiң ұзақтығы – 14 жұмыс күнi;
4) көрсетiлетiн қызметтi алушыға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн беру, рәсiмнiң ұзақтығы – 1 жұмыс күнi.
7. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастауға негiз болатын мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмiнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:
1) көрсетiлетiн қызметтi алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беру;
2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы қарарға сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн көрсетiлетiн қызмет берушiнiң жауапты тұлғасына орындау үшiн беру;
3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы арқылы техникалық және кәсiптiк бiлiм туралы құжаттың телнұсқасына қол қоюы;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алуы.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісінде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң
құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара іс-қимыл тәртiбiнің
сипаттамасы
8. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң тiзбесi:
мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасы;
көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасы;
көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы.
9. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) арасындағы рәсiмдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы:
1) мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасы өтiнiштi тiркейдi, құжаттарды қабылдайды және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысына қарау үшiн жолдайды, рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут;
2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы қарарға сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн көрсетiлетiн қызмет берушiнiң жауапты тұлғасына орындау үшiн бередi, рәсiмнiң ұзақтығы – 1 сағат;
3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасы құжаттардың толықтығын тексередi, негiзгi орта бiлiм туралы куәлiктiң телнұсқасын, жалпы орта бiлiм туралы аттестаттың телнұсқасын дайындайды, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысына қол қойдырады, содан кейiн көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру үшiн мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасына бередi, рәсiмнiң ұзақтығы – 14 жұмыс күнi;
4) мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасы негiзгi орта бiлiм туралы куәлiктiң телнұсқасын, жалпы орта бiлiм туралы аттестаттың телнұсқасын көрсетiлетiн қызметтi алушыға бередi, рәсiмнiң ұзақтығы – 1 жұмыс күнi.
10. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге немесе Мемлекеттiк корпорацияға өтiнiш берген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушы құжаттарды тапсырған сәттен бастап - 15 жұмыс күнi;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн кезек күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты - 15 минут;
3) қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты - 15 минут.
11. Жұмыс кестесi:
1) көрсетiлетiн қызметтi берушi: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң белгiленген жұмыс кестесi бойынша демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбi - жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейiн.
Өтiнiштердi қабылдау және нәтижелердi беру сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейiн жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен көрсетiледi;
2) Мемлекеттiк корпорация: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбi - сенбi аралығында белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес үзiлiссiз сағат 9.00-ден бастап 20.00-ге дейiн.
Қабылдау көрсетiлетiн қызметтi алушының таңдауы бойынша жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады, «электронды үкiмет» веб-порталы арқылы электронды кезектi «брондау» мүмкiндiгi бар.
4. Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
12. Мемлекеттiк корпорацияға жүгiну тәртiбiн, әр үдерiстiң көрсету ұзақтығының сипаттамасы:
1) көрсетiлетiн қызметтi алушы Стандарттың 9 тармағында көрсетiлген өтiнiштi және қажеттi құжаттарды Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерiне тапсырады, құжаттарды қабылдау кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушыға тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi, рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут;
2) Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және Мемлекеттiк корпорацияның жинақтаушы бөлiмiне көрсетiлетен қызметтi берушiге жiберу үшiн жолдайды, рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут;
3) мемлекеттiк қызметтi көрсету үшін құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасы өтiнiштi тiркейдi, құжаттарды қабылдайды және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысына қарау үшiн жолдайды, рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут;
4) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы бұрыштамаға сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн көрсетiлетiн қызмет берушiнiң жауапты тұлғасына орындау үшiн бередi, рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут;
5) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасы құжаттардың толықтығын тексередi, негiзгi орта бiлiм туралы куәлiктiң телнұсқасын, жалпы орта бiлiм туралы аттестаттың телнұсқасын дайындайды, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысына қол қойдырады, содан кейiн Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерiне беру үшiн мемлекеттiк қызметтi көрсету үшін құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасына бередi, рәсiмнiң ұзақтығы – 14 жұмыс күнi;
6) мемлекеттiк қызметтi көрсету үшін құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты негiзгi орта бiлiм туралы куәлiктiң телнұсқасын, жалпы орта бiлiм туралы аттестаттың телнұсқасын Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерiне бередi, рәсiмнiң ұзақтығы – 1 жұмыс күнi.
7) Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi негiзгi орта бiлiм туралы куәлiктiң телнұсқасын, жалпы орта бiлiм туралы аттестаттың телнұсқасын көрсетiлетiн қызметтi алушыға бередi, рәсiмнiң ұзақтығы – 15 минут.
Мемлекеттiк ақпараттық жүйелерде тұрған Қазақстан Республикасы аумағында 2008 жылдан кейiн шығарылған тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттар, туу туралы куәлiктер туралы мәлiметтi көрсетiлген қызметтi берушiнiң қызметкерi тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетiлетiн қызметтi берушi мен Мемлекеттiк корпорация қызметкерi мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетiлетiн қызметтi алушыдан ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпия мәлiметтердi пайдалануға келiсiмiн алады.
Мемлекеттiк корпорацияда дайын құжаттарды беру тиiстi құжаттардың қабылданғандығы туралы қолхаттың негiзiнде, жеке тұлғаны куәландыратын құжатты (немесе оның өкiлiнiң нотариалды расталған сенiмхатын) көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк корпорация нәтиженiң бiр ай мерзiм iшiнде сақталуын қамтамасыз етедi, содан кейiн оны көрсетiлетiн қызметтi берушiге одан әрi сақтау үшiн жiбередi. Көрсетiлетiн қызметтi алушы бiр ай өткеннен кейiн хабарласқан жағдайда, Мемлекеттiк корпорацияның сұранысы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi дайын құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру үшiн бiр жұмыс күнiнiң iшiнде Мемлекеттiк корпорацияға жiбередi.
13. Көрсетiлетiн қызметтi алушы Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттiк корпорация қызметкерi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.
14. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісінде рәсімдер (іс-қимылдар) реті, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылының толық сипаттамасы, сондай-ақ Мемлекеттiк корпорациямен өзара iс-қимыл тәртiбiнiң сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлген.

«Негiзгi орта, жалпы орта
бiлiм туралы құжаттардың
телнұсқаларын беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
қосымша

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығы

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттері

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттері