Бірінші сыныпқа қабылдаудың басталуы жайлы ПРЕСС-РЕЛИЗ » КГУ «Общеобразовательная школа №64 имени 73 Гвардейской Краснознамённой Сталинградско- Дунайской стрелковой дивизии» Управления образования города Алматы
Коммунальное
государственное учреждение
Общеобразовательная школа №64
Управления образования города Алматы
Приемная
+7(727) 2-46-18-28
Бухгалтерия
+7(727) 2-45-64-55
Версия для
слабовидящих
31
март
2022

Бірінші сыныпқа қабылдаудың басталуы жайлы ПРЕСС-РЕЛИЗ


Бірінші сыныпқа қабылдаудың басталуы жайлы

ПРЕСС-РЕЛИЗ


2022 жылдың 1 сәуірінен бастап қаланың бірінші сыныптарына қабылдау басталады. Мемлекет меншігіндегі орта білім беру ұйымдарына қабылдау электрондық нұсқада https://egov.kz/ электрондық үкімет порталында жүргізіледі.

Бастапқы білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын іске асырушы білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағына қарасты жерде тұратын барлық алты жасқа толған балаларды және ағымдағы жылдың соңына дейін алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды іске асырады.

Бірінші сыныпқа тіркеу  ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 1 тамызына дейін жүргізіледі.

Қызмет тегін көрсетіледі.