"Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай"
18.05.2020жыл сағат 15-00де, Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай, "Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай" тақырыбында,онлайн форматта республикалық сынып сағаты өткізілді. Абай жалғыз қазақ халқының ұлы емес, адамзаттың ардағы десек артық айтқандық болмас. Әлем халқы мойындаған дара тұлғаны қай жағынан әспеттесек те біздің елдік, ұлттық парызымызды орындағанымыз деп білеміз.